Қызылордалық полицейлер 1 келіге жуық есірткі тасымалдаған облыс тұрғынын құрықтады
Қызылорда облысының тұрғынынан салмағы 1 келіге жуық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында Қармақшы ауданының Тұрмағанбет және Алдашбай ахун ауылдарын байланыстыратын «Ақжар-Көмекбаев» тас жолының бойында күдік тудырған жеңіл автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан екі дана полиэтилен пакетке салынған өсімдік тектес зат алынды.
Сараптама қорытындысы сәйкес алынған зат салмағы бір келіге жуық кептірілген марихуана болып табылады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.