Ақтөбеде ауруханадағы әйелді палатадағы көршісі алдаған
Ақтөбеде ауруханадағы әйелді палатадағы көршісі алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға ақтөбелік әйел алаяқтық фактісі туралы арызданды. Оның айтуынша, осы жылдың сәуір айында ол ауруханада емделіп жатқан кезде палатадағы көршісінен телефонға қосымша орнатып беруді сұраған. Күдікті жәбірленушінің телефонынан 2 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеп, өз шотына аударған. Жәбірленуші бұл туралы банктен несиені төлеу туралы хабарлама келгенде ғана білген.
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе облысының 51 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.