Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде автокөлік ұрлаудың үш фактісі тіркелді

Ақтөбеде автокөлік ұрлаудың үш фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 16-22 тамыз аралығында Ақтөбе облысының аумағында автокөлік құралдарының ұрлануының алдын алу және жолын кесу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Автомобиль» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Операция барысында автомобильдерді сатумен және жөндеумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізілуде. Сонымен қатар, жүргізушілермен дабыл орнату, гараждарды техникалық құралдармен қамтамасыз ету және т.б. қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен, полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде автокөлікті айдап әкетудің төрт фактісін және автокөлік ұрлаудың үш фактісін анықтады. Сонымен қатар бұрын Ресей Федерациясында іздеуде жұрген автокөлік анықталды.

300-ден астам жеке шеберханалар, гараж кооперативтері, автотұрақтар тексерілді, онда 4 ұрланған автокөлік анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру