Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда полицияға 21 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді

Жамбылда полицияға түнгі уақытта қоғамдық орындарда заңды өкілдерінсіз болған 21 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда және көшелерде болу деректерін анықтау бойынша түнгі рейдтік іс-шараларды өткізуде.

Профилактикалық есепте тұрған 15 кәмелетке толмаған және 17 кәмелетке толмағандар жиналатын орындар, оның ішінде түнгі клубтар, барлар, кафелер, компьютерлік клубтар тексерумен қамтылды. Сағат 22.00-ден кейін кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда болуына жол бермеу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша қалалық полиция бөлімдеріне түнгі уақытта қоғамдық орындарда заңды өкілдерінсіз болған 21 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру