Ақтөбеде автокөліктерді заңдастыру барысында жалған құжат ұсынудың төрт дерегі тіркелді
Ақтөбеде автокөліктерді заңдастыру барысында бір күнде жалған құжат ұсынудың төрт дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шетелде тіркелген көліктерді заңдастыру барысында көлік иелерінің тарапынан жалған құжаттар ұсыну деректері жиілеп кетті.
Мысалы, 3 тамызда шетелде тіркелген автокөліктерді заңдастыруға құжаттар қабылдау барысында төрт автокөлікке ұсынылған құжаттардың, атап айтқанда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге кіргізілгені туралы шекара қызметінің анықтамаларының және көлік құралының тіркеу куәлігі мен техникалық паспортының түпнұсқалығы полиция қызметкерлеріне күмән келтірген.
Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1-бөлігі (Жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық істер тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.