Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері шетелдік азаматқа жоғалған ақшасын қайтаруға көмектесті

Елордалық полицейлер шетелдік азаматқа жоғалған ақшасын қайтаруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамызда полицияға Хорватияның Қазақстандағы Елшісі Рефик Шабанович жүгінген. Елорданың көпқабатты үйлерінің бірінде тұратын ол шетелдік валюталық қаражат салынған әмиянының жоғалғанын айтып, көмек сұраған.

Көрсетілген мекенжайға жеткен тәртіп сақшылары шетелдік азаматтың түнгі уақытта көлігін тұраққа қойып, одан екі сөмкемен шыққанын анықтаған. Сол сәтте ер адам әмиянын қолтығының астында ұстаған. Алайда оның жолда түсіп қалғанын байқамаған. Затының жоғалғанын таңертең байқап, паркингке түсіп, өз бетінше іздеп көрген. Әмиянды тапқанда оның ішінде ақша болмаған.

Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер елшінің жоғалған затын оның 52 жастағы көршісі тапқанын анықтады. Әмияннан ақшаны алып, ол үйіне қарай бет алған. Пәтерінің алдында тәртіп сақшыларын көрген ер адам қаражатты бірден берген. Айтуынша, түнде ақшаны тауып алғаннан кейін оны полицияға таңертең тапсырмақ болған.

– Полицейлер үлкен жұмыс жасады. Мен бұл ақшаны демалысыма жинаған болатынмын. Атқарған жұмыстарыңыз үшін рақмет, – деді Рефик Шабанович.

Полиция ҚР Азаматтық кодексінің 245-бабына “Олжа”  сәйкес біреудің ұмытып кеткен затын тауып алған азамат оны иесіне қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндетті, әйтпесе заттың иесі оны ұрлық жасады деп айыптауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру