Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде азаматтық қару иелері әкімшілік жазаға тартылды

Ақтөбе облысында қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 424 азаматтық қару иесі әкімшілік жазаға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 7 қыркүйектен бастап 1 желтоқсанға дейін облыс аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату болып табылады.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелеріндегі пәтерлерді және аулаларды аралауды, ІІО есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеруді, азаматтық қару иелерінің оларды сақтау шарттарын орындауын қадағалауды, жалға берілетін пәтерлерді анықтауды және т. б. жүзеге асырады.

Сонымен қатар, облыс орталығының тұрғындары облыстық Полиция департаментінің «Police Aktobe» ресми парақшасында учаскелік полиция пункті орналасқан ауданға қандай учаскелік инспектор қызмет көрсететінін және өзінің учаскелік инспекторына қалай хабарласатынын біле алады. «Instagram» желісіндегі парақ күн сайын учаскелік инспекторлардың бейне визиткаларымен толықтырылуда.

Ағымдағы жылдың 21 қазанындағы жағдай бойынша облыс бойынша «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында учаскелік полиция инспекторлары полиция жасақтарымен бірлесіп 194 мыңнан астам аралау жүргізді. Салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 236-ға жуық фактісі анықталды, барлық фактілер бойынша ақпарат осы тұрғын үй иелеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін салық органдарына жіберілетін болады.

ІІО есебіне 587-ден астам адам қойылды, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол бергендер – 528.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында жертөлелерді, шатырларды, базарларды, ІІО есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен атыс қаруы бар азаматтарды тексеру жүзеге асырылады.

Қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін атыс қаруы бар 424 азамат әкімшілік жазаға тартылды. Заңсыз айналымнан 22 қару тәркіленді.

Барлығы 7 453 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде жүргені үшін – 895, ұсақ бұзақылық үшін – 569 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру