Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда

Алматы облысының полицейлері желіде танылған жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды тауып, айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі көрсетілген бейне роликті анықтады.

Іздестіру шараларының нәтижесінде құқық қорғау органдары тәртіп бұзушы жүргізушілердің жеке басын анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Атап айтқанда, Қарасай ауданының аумағындағы Шалқар-Қаскелең автожолында артқы жүріспен келе жатқан “Daewoo Nexia” маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі  (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу)  және 595-бабының 2-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп бұзушының көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

Осыған ұқсас жол қоғалысы ережелерін бұзу деректері бойынша Алматы – Бішкек республикалық маңызы бар автожолымен жүріп өткен  “Toyota Camry 70”, “Infiniti QX 56” және “Митцубиси Галант” автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу)  бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жоғарыда аталған барлық автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру