Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері жастар арасында граффити байқауын өткізді

Қызылордалық полицейлер мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында онлайн  граффити байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы кездері ірі қалалардағы көпқабатты үйлердің қабырғаларында, ғимараттарда және жол үстінде көше суретшілері салған суреттер мен жазуларды жиі кездестіруге болады.

Бұл көркем туындылар кімнің де болса назарын аударады. Жастар арасына жаңа леп әкелген толқынның атауы граффити болып табылады. Кезінде граффити вандализмнің көрінісі болған, бірақ біртіндеп ол көше мәдениетіне орныға бастады. Енді көше өнерінсіз қазіргі қаланы елестету де қиын.

Осы орайда Қызылорда қаласында полицейлердің ұйымдастыруымен “Есірткісіз әлем керемет!” тақырыбында онлайн граффити байқауы өтті.

Байқауға 10-18 жас аралығындағы 23 жұп қатысты, олар өздерінің граффити суреттерінде нашақорлық проблемасына деген көзқарастарын бейнеледі.

Қатысушылар орындау техникасы, жұмыстың сапасы мен тазалығы бойынша бағаланып, өздерінің туындыларын әлеуметтік желілерге орналастырды. Маңызды фактор – қатысушылардың идеясы.

Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес сайысқа қатысқан жеті жұпқа  алғыс хаттар, төрт жұпқа сыйлықтар мен “Жігері үшін” дипломдары, ал он екі командаға үздік граффитилері үшін бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру