Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде үй тонаған күдіктілер ұсталды

Қызылорда облысында өткізілген “Пәтер” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында жеті пәтер ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пәтер ұрлықтарын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында 19-21 қазан аралығында облыс көлемінде “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жеті пәтер ұрлығын ашты.

19 қазан күні Шиелі АПБ кезекші бөліміне 38 жастағы аудан тұрғыны  белгісіз біреулердің жеке үйінің есігін кілтпен ашып кіріп, “LG” маркалы теледидарын, компьютерін, дәнекерлеу аппаратын, автокөлік кілттерін және темір сейфтің құлпын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы шағымданған.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен осы ауданның екі тұрғыны анықталып, құрықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру