Ақтөбеде балаларды тасымалдайтын автобустар тексерілді
Ақтөбеде балаларды тасымалдайтын автобустар тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбеде “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты республикалық жедел алдын алу шарасы аясында балалар жарақатының алдын алу мақсатында әкімшілік полиция қызметкерлері мектеп автобустарының қолданыстағы техникалық регламент талаптары мен заңнама нормаларына сәйкестігіне және жүргізушілердің балаларды тасымалдау ерекшеліктерін білуіне тексеру жүргізді.
Балаларды тасымалдайтын 30 автобус тексерілді.
Нәтижесінде дәрі қобдишаларының, өрт сөндіргіштің болмауы және тағы басқа тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар кемшіліктер анықталды. Анықталған кемшіліктерді жоюға 3 жауапты тұлғаға ұйғарым берілді.