Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғандық полицейлер оқушыларға жол ережесін түсіндірді

Жезқазғанда “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” жедел-профилатикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың жол-көлік апатынан жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік шараларын күшейту, балаларға жол ережесін үйрету мақсатында 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында қала аумағында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр. Жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде жол және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемелердің, қосымша білім беретін балалар ұйымдарының және оларға іргелес аумақтың орналасқан жерлерінде көше-жол желісінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері білім беру мекемелерімен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде профилактикалық сабақтар, дәрістер өткізді.

Жезқазған қаласының полиция басқармасы патрулдік полиция ротасының қызметкерлері бүгін №22 мектепте бастауыш сынып оқушыларына жол ережесін түсіндірді. Балаларға жол ережесін көрнекі құралдар арқылы үйретіп, жаяу жүргінші белгісін, бағдаршамның жасыл түсіне өту секілді басты ережелерді үйретті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру