Ақтөбеде белгісіз адам көліктен бағалы заттарды ұрлап кетті
Ақтөбеде тұрғынның көлігінен бағалы заттарды ұрлап кеткен ұрыға қатысты анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 мамыр күні «Капитан Бриг» балалар ойын-сауық кешенінің тұрағына қойылған Toyota Camrу автокөлігінен белгісіз адам әйнегін сындыру арқылы ноутбук, ұялы телефон, 400 мың теңге және зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.
Бүгінгі күні осы қылмысты жасаған адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Сондықтан автокөлік пен мүлікті сақтау үшін Ақтөбе облысының ПД кейбір сақтық шараларын сақтауды ұсынады.
Автокөлік ұрлығының құрбаны болмау үшін азаматтарға кеңестер:
– автокөлік салонында, тіпті бірнеше минутқа, атап айтқанда алдыңғы және артқы орындарға жеке заттарын (сөмкелер, ноутбуктер, ұялы телефондар және басқа да бағалы заттар мен құжаттар) қалдырмаңыз.
– егер сіз өзіңіздің көлігіңізді тұраққа немесе көшеге қоятын болсаңыз, әйнек пен алдыңғы панельден анти-радарларды, DVR, GPS навигаторларын, автомобиль радиосынан алынбалы панельдерді алып тастаңыз. Мұның бәрі қылмыскерді ұрлық жасауға итермелейді.
– сіз автокөлігіңізді үйлердің аулаларында, көшелердің жарықтандырылмаған учаскелерінде қараусыз қалдырмаңыз;
– машинадан шыққан кезде, тіпті қысқа уақытқа болса да, қолда бар дабылды, басқа да күзет құралдарын қосып,кетіңіз;
– ұялы телефондарды, құнды заттарды, әсіресе зергерлік бұйымдар мен құжаттарды автокөлікте көрнекті жерде қалдырмаңыз;
– егер сізге автокөліктің дөңгелегін ауыстыру керек болса немесе кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізсеңіз, барлық есіктерді жауып қойыңыз;
– егер бейтаныс адамдар сізге доңғалақты тесіп, қозғалтқыштан май ағып жатқанын көрсетсе, ешқандай жағдайда олармен келіссөз жүргізбеңіз, қырағылықты күшейтіңіз, техникалық көмек немесе қажет болған жағдайда полиция шақырыңыз.