Ақтөбеде бір аптада 15 қалта ұрлығы тіркелді
Ақтөбеде бір аптада 15 қалта ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 ақпан мен 5 наурыз аралығында Ақтөбе қаласы ПБ қала аумағында қалта ұрлығының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында, сондай-ақ «қалта ұрысы» санаты бойынша есепте тұрған адамдарға қатысты бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Көрсетілген кезеңде Ақтөбе қаласында 15 қалта ұрлығы тіркелді, оның 5-і ашылды.
Өткізілген іс-шаралар барысында қалалық бөлімдерге «қалта ұрысы» санаты бойынша полицияның мамандандырылған есебінде тұрған 19 адам жеткізілді, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар, жедел іс-шаралар өткізу кезінде қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қалта ұрлығы үшін 6 адамды ұстады.