Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бір аптада 15 қалта ұрлығы тіркелді

Ақтөбеде бір аптада 15 қалта ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 ақпан мен 5 наурыз аралығында Ақтөбе қаласы ПБ қала аумағында қалта ұрлығының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында, сондай-ақ “қалта ұрысы” санаты бойынша есепте тұрған адамдарға қатысты бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Көрсетілген кезеңде Ақтөбе қаласында 15 қалта ұрлығы тіркелді, оның 5-і ашылды.

Өткізілген іс-шаралар барысында қалалық бөлімдерге “қалта ұрысы” санаты бойынша полицияның мамандандырылған есебінде тұрған 19 адам жеткізілді, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сонымен қатар, жедел іс-шаралар өткізу кезінде қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қалта ұрлығы үшін 6 адамды ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру