Ақтөбеде 5 бөшке дизель отынын ұрламақ болған екеу ұсталды
Ақтөбеде дизель отынының бес бөшкесін ұрламақ болған екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 17 қарашасында қаладағы ЖШС-нің бірінің 65 жастағы күзетшісі «102 » нөміріне қоңырау шалып, ұрлық жасағаны туралы хабарлаған.
Полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады. Қаскүнемдер ГАЗель маркалы автокөлігімен Промзона ауданына келген. Полигоннан дизель отынының бес бөшкесін ұрлауға тырысқан. Келтірілген залал сомасы белгіленеді.
Ұрлық фактісі негізінде ҚР ҚК-нің 24-188-бабы 2-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті осындай ұйымдардың иелеріне дабыл жүйесін орнату арқылы сақтық шараларын қабылдауды керектігін ескертеді.