Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ұрланған алабай иесіне қайтарылды

Шымкентте ұрланған алабай иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық жайты туралы арызданған.
Азаматшаның айтуынша, белгісіз тұлғалар үйінің ауласында байланып тұрған жеті жасар алабайды ұрлап кеткен.

Қала тұрғыны асыл тұқымды итінің құнын 800 мың теңгеге бағалады.

Аталған жайт бойынша полицейлер жедел-іздестіру шараларына кірісіп, Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының оқиға орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерді.

Нәтижесінде, ит ұрлаған азамат “ізін суытпай” анықталып, ұсталды. Ол 50 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру