Ақтөбеде дүкеннен ұялы телефон ұрлаған күдікті анықталды
Ақтөбеде дүкеннен ұялы телефон ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан ұялы телефон сататын дүкендердің бірінде ер адам сатушыны алдап, смартфон ұрлап кеткен. Залал сомасы – 180 мыңға жуық.
Бейнебақылау камераларының көмегімен тәртіп сақшылары 25 жастағы күдіктіні ұстады.
Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, күдікті осыған ұқсас қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.