Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектеуі енгізілді

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектеуі енгізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпаннан бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты – желдің күшеюіне, қарлы боранға және көрінудің шектелуіне байланысты Қарағанды облысының аумағында барлық жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Облыстық полиция департаментінің Әкімшілік және жергілікті полиция қызметі басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мүдделі қызметтердің қызметін тәулік бойы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Автомобиль жолдарындағы 15 бекетте 54 полиция қызметкері мен 23 арнайы техника жұмылдырылған. 15 ақпандағы жағдай бойынша 1508 адам мен 967 көлік жолда боранға ұрынған.

Осылайша, Теміртаудан Қарағанды бағытына келе жатқан 82 көлік – 20 жеңіл және екі жүк көлігі, 123 адам тоқтауға мәжбүр болды. Сондай-ақ, Қарағандыдан Теміртауға бағыт алған 172 көлік – 4 автобус, 158 жеңіл және 10 жүк көлігі, 253 адам қаладан шыға берісте тоқтатылды.

Ауа райының қолайсыз кезеңінде жеке және қоғамдық қауіпсіздік үшін облыстық жол полициясы азаматтарды алыс сапарға шықпауға, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға, ауа райы жағдайы мен көлік қозғалысының шектеулері туралы хабарлайтын СМС хабарламаларға назар аударуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру