Ақтөбеде заңсыз жүрген алты шетелдік анықталды
Ақтөбеде заңсыз жүрген алты шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысы ҰҚКД шекара қызметінің қызметкерлерімен бірге жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Ауғанстан Ислам Республикасының алты азаматын анықтады, олардың үшеуі Қазақстан Республикасында көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып, виза мерзімі өткеннен кейін елден кетпегені анықталды.
Тексеру кезінде аталған шетелдіктер елге 2023 жылғы қарашада жеке компаниялардың шақыруы бойынша іскерлік санаттағы визалар негізінде келгені анықталды. Заңды болу мерзімі аяқталғаннан кейін қабылдаушы тұлға олардың елден кетуі жөнінде шаралар қабылдамаған, сондай-ақ шетелдіктердің өздері Қазақстан Республикасынан өз бетінше кетпеген.
Заңсыз келген шетелдіктер мен қабылдаушы тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.