Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда төрт сотталғанға ескерту жасалып, бір сотталған бас бостандығынан айырылды

Алматыда төрт сотталғанға ескерту жасалып, бір сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Бостандық аудандық пробация қызметінің инспекторлары аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірге жазасын өтеуден жалтарған адамдарды анықтау, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстарын белсенді түрде ұйымдастырды.

Соның нәтижесінде Бостандық ауданының пробациялық бақылауындағы 4 сотталғанға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ескерту беріліп, бір сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот қаулысы шығарылды.

Бұл дерек “Есептегі элемент” жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Оның мақсаты – қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің алдын алу, азаматтармен тығыз әрі сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ ішкі істер органдарының беделін арттыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру