Ақтөбеде ер адам қонаққа келіп, үй иесінің 80 мың теңгесін жымқырып кетті
Ақтөбеде ер адам қонаққа келіп, үй иесінің 80 мың теңгесін жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі таныс адам Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданындағы пәтерінде спирттік ішімдіктер ішіп отырған, сол кезде қонақ шкаф сөресінен 80 мың теңге ақшаны ұрлап кеткен. Келесі күні жәбірленуші ақшаның жоғалғанын байқап, полицияға жүгінді.
Учаскелік полиция инспекторы полиция бөліміне ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы күдікті жеткізілді. Ақшаның бір бөлігін полиция қызметкерлері тәркіледі, ал күдікті екінші бөлігін букмекерлік кеңседе жұмсап үлгерген.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.