Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есептегі сотталғандар тұрақты жұмысқа жолдама алды

Ақтөбеде пробация есебіндегі сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша ақпараттық насихаттау түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша идеологиялық, ақпараттық насихаттау түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамту орталығына келіп түскен барлық тұрақты бос жұмыс орындары, кәсіп ашу үшін мемлекеттік гранттар және шағын несие алу, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқытулар, біржолғы көмек түрлері туралы бірқатар ақпараттар берілді.

Аталған іс-шараға Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 10 азамат қатысып, нәтижесінде 5 азаматтың біреуі – оқыту курсына жазылды, төртеуі нарықтағы сатушы, логистик мамандарына жолдама алды. Ал қалған бес азамат өздеріне ұсынылған жұмыстан бас тартты.

– Мұндай іс-шаралар пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар арасында жұмыссыздықтың санын азайту үшін жүйелі түрде, атап айтқанда Ақтөбе қалалық прокуратурасымен келісілген жоспарға сәйкес айына екі рет өткізіліп тұрады, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Жұмагүл Ешниязова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру