Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есірткі қылмысымен күрес мәселелері талқыланды

Ақтөбеде есірткі қылмысына қарсы бірлескен іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

27 наурызда Ақтөбе облысының полиция департаментінде ҮЕҰ өкілдері және қоғам белсенділерімен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Отырысқа Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов төрағалық етті.

Жиын барысында қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтар, балалар ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, спортшылар, мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінен тұратын кеңес мүшелері есірткі қылмыстарының алдын алу, әсіресе жастар арасында нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, есірткіге қарсы күрес – ұлт генофонын сақтау мәселесі. Қоғам болып бірлескен кешенді іс-қимыл “Заң мен тәртіп” қағидатын қатаң сақтауға ықпал етеді, — деді ПД бастығы.

Сондай-ақ ол есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың қазіргі ахуалы мен өткен жылғы есірткі қылмыстарының статистикасына тоқталды.

Кеңеске қатысушылар есірткі қылмыстарын болдырмау үшін қоғаммен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ алдағы кезеңде атқарылатын ортақ міндеттерді талқылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру