Ақтөбеде есірткілік мас күйде көлік айдаған әйел УҰИ-ға қамауға алынды
Ақтөбеде есірткілік мас күйде көлік айдаған әйел УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусымда сағат 02:30 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Есет батыр көшесінде қызмет атқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Toyota Prado автокөлігін тоқтатты. Жол талғамайтын көлікті 29 жастағы әйел басқарған.
Әйел адамның мінез-құлқы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды, сараптама жүргізілді, ол коннобиоидтарды қолданудан туындаған есірткінің мас күйінде екенін көрсетті.
Сондай-ақ, әйелдің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы УҰИ-ға қамауға алынды.