Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда тонаушы қыздың қолынан 2,8 млн теңге салынған пакетін тартып алған

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері 21 жастағы қыздан 2 800 000 теңге сомасындағы ақша салынған пакетін тартып алған тонаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сасқалақтаған қыз бірден полицияға хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, ол күндізгі уақытта Мәмбетов көшесінің бойымен ақшаны есепшотқа салу үшін банкке қарай бет алған. Бұл кезде оның артынан келе жатқан белгісіз адам кенеттен қолындағы пакетті жұлып алып, жүгіре жөнелген.

Жеке құрам тонаушыны анықтауға және ұстауға бағдарланды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Сарыарқа» аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері 26 жастағы тонаушыны Майлин көшесінің бойынан ұстады.

Анықталғандай, күдікті бұрын бір ай бойы сауда саласындағы компанияда тағылымдамадан өткен, онда жәбірленушінің өзі де жұмыс істеген. Тонау жасалғанға дейін қаскүнем ақша ұрлау мақсатында қыздың жүріп-тұру бағыты мен уақытын алдын ала қадағалап отырған.

Күдікті кінәсін мойындау кезінде ақшаның көп бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

Аталған факті бойынша «Тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру