Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада екі жігіт өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап кеткен

Астанада екі жігіт өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

102 пультіне 26 жастағы азаматтан Қордай көшесінде екі белгісіз жігіт оны ұрып-соғып, тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Шабуыл жасалған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Бейнежазбада екі жігіттің ер адамға жақындап келіп, соққы бере бастағанын көруге болады. Тонаушылар оның қолынан сөмкені жұлып алып, қаша жөнелген. Жәбірленуші олардың артынан жүгіріп, қуып жетпек болғанымен еш нәтиже болмады.

Қаскүнемдердің олжасы 1400 АҚШ доллары болды.

“Алматы” аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 19 және 17 жастағы күдіктілердің екеуін де ұстады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, тонаушылық жасаған 19 жастағы күдіктілердің біреуі ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімді ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды. 

Олардың шетел валютасын теңгеге айырбастап, кейін біразын өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгергені анықталды. Қалған қаражат тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру