Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Баянауыл ауданында жол қауіпсіздігі ережесінің екі бабын бұзған жүргізуші анықталды

Павлодар облысында Баянауыл ауданында жол қауіпсіздігі ережесінің екі бабын бұзған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қалқаман – Керней автожолында кезекті патрульдеу барысында полиция қызметкерлерімен шатырсыз және тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған сусымалы жүкті тасымалдайтын КамАЗ тоқтатылды. Сонымен қатар жүргізуші көлік құралын пайдалану ережелерін бұзды – автокөлікке техникалық регламентке сәйкес келмейтін қосымша жарықтандыру орнатты, – деді Павлодар облысы Баянауыл полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Медет Қожахметов.

Полицейдің айтуынша, аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін КамАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593 және 590-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік хаттама енгізілгеннен кейін жүргізуші құқық бұзушылықтарды жойды.

Полиция ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабын бұзу (Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) он айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жаза көздейтінін еске салады.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабын бұзу (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) жиырма айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл түрінде жаза қолдануға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру