Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Полицияда бір күн”: Ақтөбеде кадет сыныптарының оқушылары ПД мұражайына экскурсия жасады

Мақан Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментімен және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) бірлесіп Ақтөбе облысы полиция департаментінің базасында “Полицияда бір күн” жобасы шеңберінде іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жобаның мақсаты – полицияның құқық бұзушылықтардың алдын алуда жастармен өзара іс-қимылын, жастардың әртүрлі төтенше жағдайларда аман қалу және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша тәжірибелік дағдыларын дамыту, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және белсенді азаматтық ұстаным мен патриотизмді қалыптастыру.

Жоба шеңберінде кадет сыныптарының оқушылары полиция департаментінің мұражайы мен жедел басқару орталығына экскурсия жасады. Сондай-ақ оқушылар қызметтік иттерді қолдану жұмыстарымен және криминалистикалық зертхананың жұмысымен танысты. Сонымен қатар жастарға полицияның сервистік моделіне, кибер алаяқтықтың, нашақорлық пен экстремизмнің алдын алуға арналған тренингтер өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру