Ақтөбеде кәмелетке толмаған 14 жасөспірім есепке алынды
2021 жылдың 11 мен 14 ақпан аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Қадағалаусыздық» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған жоспарлы ЖАІШ барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.
ЖАІШ бірінші күнінде полиция бөлімдеріне 52 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде үшеуі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін, 49 тұрғын үйден тыс жерде сағат 23.00 – ден 06.00 дейінгі аралықта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүргені үшін жеткізілді.
71 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
ПБ-нің есебіне 14 кәмелетке толмаған жасөспірім алынды, оның ішінде алтауы профилактикалық есепке, сегізі тізімдік есеп және 14 қолайсыз отбасы есепке алынды.
Кәмелетке толмағандардан үш кескіш заттар тәркіленді. Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияна 19 құжат жолданды.
Облыстық ПД ювеналды полицияның аға инспекторы Нұржан Мұқымовтың айтуынша, алдын алу жұмыстарына отбасын, жақын адамдары тартылса, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алуға болады. Балалар мен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алуда мінез-құлқындағы уақтылы байқалған ауытқулар және дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық көмек маңызды рөл атқара алады.