Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жол-көлік оқиғасы орнынан жасырынған жүргізушіні тапты

Петропавл полицейлері жол-көлік оқиғасы орнынан жасырынған жүргізушіні іздеп, тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда әлеуметтік желілерде жүкті әйел зардап шеккен жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама тараған. 8 ақпанда Н. Назарбаев көшесіндегі №154 үйге қарсы “Mitsubishi Delica” автокөлігінің жүргізушісі әйел адам рөлін басқарған “Hyundai Solaris” көлігімен соғылып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жәбірленуші Петропавл қаласындағы емдеу мекемелерінің біріне жүгініп, емделуге жатқызылған. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздеу тобының қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған және оқиға орнынан кетіп қалған Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғынын анықтады. 5 ақпанда оның автокөлігін сататыны туралы Алматы қ. тұрғынымен келісіп қойғаны белгілі болды. Көліктің болашақ иесі оңтүстік астанаға жеткізу үшін “Mitsubishi”-ді тиеуге дайын болғанымен, полицейлер автокөлікті арнайы тұраққа қойған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабы 2-бөлігі (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша материал жиналды.

– Жыл басынан облыста нәтижесінде адамдардың денсаулықтарына зиян келтірілген оқиға орнын тастап кетудің төрт жағдайы тіркелді, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ іздестіру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азамат Келдіғұлов. Олардың үшеуі анықталды, қазіргі уақытта тағы біреуі іздестірілуде. Барлық жол қозғалысына қатысушыларға жол апаты қатысушының зардап шегушіге медициналық көмек көрсетуімен байланысты жағдайда ғана оқиға орнынан кетуге болатындығын ескертеміз. Өйтпегенде бұл заң талаптарын өрескел бұзушылық болып табылады, аталған әрекеті үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлмен жазаланады. Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші көлік құралын тоқтатуға (орнынан қозғамай), апаттық сигналын қосуға, апаттық тоқтау белгісін қоюға міндетті. Зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін қажетті шараларды жасау, “жедел жәрдем” шақыру қажет, шұғыл жағдайда – зардап шегушілерді жол-жөнекей көлікпен не өз көлігімен жақын маңдағы емдеу мекемесіне жеткізу, өзі туралы мәліметтер қалдырып, оқиға орнына қайта баруы қажет. Орын алған жағдай туралы кешіктірмей полицияға хабарлауы керек. Егер жүру бөлігін босату қажет болған жағдайда, куәгерлердің көзінше өз көлігіңнің тұрған қалпын, оқиғаға қатысты іздер мен заттарды алдын ала тіркеп, олардың сақталуына қолдан келер шараларды қабылдау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру