Ақтөбеде кезекті мас жүргізуші анықталды
Ақтөбеде кезекті мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қыркүйек патрульдік полиция қызметкерлері К.Нокин көшесінде жол ережесін бұзғаны үшін BMW автокөлігін тоқтатқан. 37 жастағы жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде одан алкогольдің өткір иісі байқалған. Сараптама көрсеткендей, ер адам мас күйінде болған. Сонымен қатар, жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі «Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері облыс жолдарында мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 79 жүргізушіні анықтады.