Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көлік басқару құқығы жоқ жүргізушіге айыппұл салынды

Ақтөбеде көлік басқару құқығы жоқ жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы барысында жолаушылар автобусын жүргізуші куәлігінсіз басқару фактісін анықтады.

Қарғалы тұрғын алабында полиция қызметкерлері ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде фирмалардың бірінің қызметкерлерін тасымалдайтын автобус жүргізушісінің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Автобус арнайы автотұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру