Ақтөбеде көлік құралдарын айдап әкету қылмысы өткен жылмен салыстырғанда төмендеді
Биылғы жылдың басынан бастап Ақтөбе облысының аумағында 2020 жылдың жеті айында жасалған көлік құралдарын айдап әкету қылмысы өткен жылмен салыстырғанда 29,5% – ға төмендегені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биылғы жылдың жеті айында 43 көлік құралы қолды болған.
Техникалық қауіпсіздіктері мүмкіндіктерінің аздығына, адамдар абайсызда автокөлік құлыптарында кілттерін қалдырып жатады.
Автокөлік құралдарын есіктерін жабық емес күйінде қараусыз қалу салдарынан ұрлықтардың ең көп саны аула аумағынан түнгі уақытта жасалады. Көбінесе автомобиль иелері кілемнің астына, басқа «оқшауланған» жерлерде көлік кілттері мен құжаттарын қалдырады, оны ұрылар жақсы біледі.
Осылайша, иелердің өздері техниканы ұрлауға оңтайлы жағдай жасайды.
Мысалы, биыл ресейлік есептегі автокөліктерді ұрлап кеткен қылмыстық топ ұсталған болатын. Ұрланған айдап әкелінген автокөліктерді қайта сатылымға шығаратын болған. Қазіргі уақытта қылмыстық топтың барлық қатысушылары әртүрлі мерзімге сотталды.
Автокөлік иелері бірнеше ескертулерді есте сақтағандары жөн:
– көліктен бірнеше секундқа шығып кететін болсаңыз да, көлікті сөндіріп, кілтін өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
– ешбір жағдайда автокөліктің салонында құжаттар мен құнды заттарды қалдырмаңыз;
– көлікті гаражда немесе қорғалатын тұрақта қалдырыңыз;
-гаражға қою кезінде құпиялылығы жоғары құлыптарды қолданыңыз;
-автокөлікті күзет дабылымен және бұғаттау жүйесімен жабдықтаңыз;
-егер көлікті түнде көшеде қалдыру керек болса, онда жақсы жарықтандырылған адам көп жиналатын орынды таңдау керек;
Егер сіздің көлігіңіз ұрланған болса, дереу полицияға хабарласыңыз, ұрланған сәттен бастап, дереу хабар түскен соң, көлігіңізді «ізін суытпай» ұстау ықтималдығы жоғары болады. Полиция департаменті жүргізушілердің өз автокөліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударады.