Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер логотипі бар 2 мыңға жуық бірнеше рет пайдалануға болатын бетперде таратты

Ақтөбе тұрғындарына полиция қызметкерлері логотипі бар бетперделерді таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 тамыз күні Ақтөбе облысы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бетперде тарату акциясын өткізді. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда және адамдар көп жиналатын жерлерде жүрген азаматтарға санитарлық карантиндік тәртіп нормаларын және есірткі қылмысын болдырмау шаралары туралы түсіндіре отырып, бірнеше рет пайдалануға жарамды логотипі бар бетперделер таратты.

– Бұл өткізіліп жатырған акция Ішкі істер министрлігінің бастамасымен қолға алынды. Полиция қызметкерлері азаматтарға бетпердені тарата отыра, екі мақсатты көздейді: – есірткіге қарсы күрес жүргізу және санитарлық-тазалық нормаларын сақтауды ескерту. Тұрғындар бұл өткізіліп жатырған акцияға жақсы көзқараспен қарады, – деді ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Асхат Асқаров.

Ақтөбелік полицейлер логотипі бар екі мыңға жуық бірнеше рет пайдалануға болатын бетперде таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру