Ақтөбеде көлік жүргізушісі зейнеткер мен немересін қағып кетті
Ақтөбеде көлік жүргізушісі зейнеткер мен немересін қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz
7 қыркүйек күні сағат 13:45-те Қонаев – Құлымбетов көшелерінің қиылысында Nissan Almera автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 63 жастағы әйел мен кәмелетке толмаған немересін қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды, ал кәмелетке толмаған бала Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізілді. Онда алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.