Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының ПД басшылығымен ЕҚЫҰ қызметкерлері кездесті

ЕҚЫҰ қызметкерлерінің Қарағанды облысының ПД басшылығымен және ҚР ІІМ Қарағанды академиясымен кездесуінің негізгі тақырыбы – киберқылмыспен күрес, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің делегациясы Қарағандыға келді. Халықаралық ұйымның атынан әскери-саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесші Ярослав Курек, әскери-саяси бөлімнің аға жобалық ассистенті Михаил Асафов, консультант Эльмира Хисамутдинова қатысты. Олармен Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин және ҚР ІІМ Қарағанды академиясының басшылығы кездесті.

Қарағанды академиясында өткен жұмыс кездесуінің мақсаты – ішкі істер органдарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, киберқылмыс пен қылмыстарға қарсы күрес саласындағы халықаралық сараптамаға деген қажеттіліктерін бағалау.

– Бүгінде киберқылмыскерлер қылмыстық құқық бұзушылықтардың едәуір бөлігін құрайды. Көбінесе олар трансшекаралық сипатқа ие болады. Бұл жерде құқық қорғау органдары мен халықаралық ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылын пысықтау талап етіледі. Сондықтан ЕҚЫҰ қылмыстың бұл түріне ерекше көңіл бөлетінін атап өткен жөн, – деп айтты облыстың ПД бастығының орынбасары Ә.Әбілдин.

Кездесу ашық пікірталас форматында өтті. Мәселен, облыстың ПД КПБ бастығының орынбасары Аслан Өскембаев пен киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Мәди Бағдат жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар интернет-қылмыстардың барлық түрлеріне қарсы іс-қимыл саласында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқытудың тұрақты стратегиясын енгізу қажеттілігін растады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру