Ақтөбеде көше қарақшылары ұсталды
Ақтөбеде көше қарақшылары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 наурыз сағат 05.30 шамасында Авиақалашық ауданында белгісіз екі адам 24 жастағы ақтөбелік азаматтың ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткен.
Жәбірленуші жанынан өтіп бара жатқан патрульдік полиция нарядына жүгініп, олар жедел әрекет етіп, дереу күдікті адамдарды іздей бастады. 30 минут ішінде патрульдік полиция қызметкерлері жәбірленуші анықтаған 27 және 30 жастағы екі күдіктіні «ізін суытпай» ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен күдіктінің мүлкі тәркіленіп немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.