Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Ақтөбеде мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қараша күні сағат 00.20-да патрульдік полиция қызметкерлері Тайманов көшесінде ҚР ЖҚЕ бұзған «Volkswagen» автокөлігін тоқтатқан. 45 жастағы жүргізушіден алкогольдің өткір иісі байқалды, бірақ ол медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Сонымен қатар, жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ағымдағы жылдың 10 айында полиция қызметкерлері алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік құралдарын жүргізген 1 240 жүргізушіні анықтады.

Медициналық куәландырудан өтуден жалтару әкімшілік құқық бұзушылық болып есептеледі. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 613-бабының 4-бөлігіне сәйкес басқару құқығынан екі жылға айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру