Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті

Теміртауда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында халық арасында нашақорлықтың алдын алудың жаңа түрлері әртүрлі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында тікелей жұмыс түрінде пайда болды.

Мәселен, Теміртауда “NORTH 2050” ЖШС күзет агенттігінің қызметкерлері Теміртау қаласындағы ПБ және “Шапағат” ҚҚҚ-мен бұрын жасалған меморандум аясында Арселор Миттал Теміртау АҚ қызметкерлері арасында есірткіге қарсы кітапшаларды тарату акциясын ұйымдастырып, өткізді.

Акцияға Теміртау қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен “Шапағат” үкіметтік емес ұйымының волонтерлері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар мен жастар арасында психоактивті заттардың әртүрлі түрлерін тарату және жарнамалау фактілерінің жолын кесу үшін осындай қажетті ақпаратты жеткізу.

Есірткіге қарсы акция Теміртау қаласында жалғасын тауып, Теміртау жоғары политехникалық колледжі ғимаратының алдындағы алаңда студенттер мен қала тұрғындарына есірткіні тұтынудың зияны мен заң талаптары туралы ақпараттар жазылған буклеттер таратылды. Алдағы уақытта, мұндай жұмыстар облыстың түрлі кәсіпорындарында, өндірістік бригадаларында, мекемелерінде тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру