Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде басқару құқығынсыз мас күйде көлік тізгіндеген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізіліп жатқан түсіндіру және алдын алу шараларына қарамастан, жүргізушілер мас күйінде көлік құралдарын жүргізуді жалғастыруда, бұл тек өздеріне ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіреді.

Мысалы, 6 ақпанда түнгі сағат 03.00-де патрульдік полиция қызметкерлері Ақжар-2 кентінің маңындағы тас жолда 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Hyundai» маркалы автокөлікті тоқтатты, жүргізушіден құжаттарды тексеру кезінде алкогольдің өткір иісі шыққан, жүргізілген сараптама жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғанын көрсетті. Сондай-ақ, жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының УҰИ-на қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру