Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 16 жастағы қызды Алматы қаласынан тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 16 жастағы қызды Алматы қаласынан тауып, отбасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша күндізгі сағат 16:30 шамасында өзінің 16 жастағы қызы дүкенге барып келемін деп үйінен шығып, содан оралмаған.

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Халық көп шоғырланған аймақтарға қыздың суреттері ілініп, ТО ПД аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларына бағытнамалар жіберілді. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Алматы қаласынан табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды.

Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз жұмыс жасап, ақша таппақ болған. Осылай ата-анасына көмек беруді ойлаған. Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру