Ақтөбеде мас жүргізуші жол апатын жасады
Ақтөбеде мас жүргізуші жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қарашада сағат 3:20-да Audi A-8 автокөлігінің жүргізушісі Абай даңғылы жағынан Тургенев көшесімен жүріп келе жатқанда қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қоршауға соғылып, аударылған.
Жол апаты салдарынан Audi А-8 автокөлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарған. Жүргізуші Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігімен «Көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.