Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде медбике 67 адамға жалған вакцинация құжатын жасаған

Ақтөбеде медбике 67 адамға жалған вакцинация құжатын жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының емханаларының бірінде жұмыс істейтін медбике өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, «COVID-19» вакцинациясының тізімдемесіне 67 адамның деректерін заңсыз түрде енгізген.

Тергеу барысында медбике әрбір жалған құжат үшін әр адамнан 15 мың теңге сомасында ақшалай сыйақы алғанын айтты.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 385-бабының 2-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) және ҚР ҚК-нің 247-бабының 1,2-бөлігі (Заңсыз сыйақы алу) бойынша сотқа жолданды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салады. Сондай-ақ, вакцинация туралы жалған анықтамаларды сатып алғанда, сіз өзіңізге және жақындарыңызға қауіп төндіресіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру