Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейі грэпплинг бойынша Қазақстан чемпионы атанды

Шығыс Қазақстан облысының полицейі грэпплинг бойынша Қазақстан чемпионы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 3-4 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында грэпплинг спорттық күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, оның нәтижесі бойынша Әлем чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрама құрылды.

Спорт додасы екі күн бойы өтті, бірінші күні – кимоносыз, екінші күні – кимономен. Аталған чемпионатқа 300-ге жуық спортшы қатысты. Бұл турнирде ШҚО командасынан 14 спортшы қатысты, олардың арасында ШҚО ПД ЖҚАЖ взвод командирі полиция капитаны Нұрбек Мұрсалімов болды.

Күрестің алғашқы күнінде кимоносыз жарыста Нұрбек төрт жекпе-жек өткізіп, оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтап, ұрыс техникасын ұтымды пайдалана отырып, қарсыластарын жеңді.

Финалда елордалық тәжірибелі спортшы Маулен Апендиннен ұпай саны бойынша минималды басымдықпен ұтылып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Чемпионаттың екінші күні кимономен жарыста Нұрбек төрт жекпе-жек өткізіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңу арқылы төрт жеңіске жетіп, ҚР чемпионы атанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру