Ақтөбеде мекеме қызметкерінің велосипедін ұрлап кеткен
Ақтөбеде мекеме қызметкерінің велосипедін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тамыз айында белгісіз тұлға Ақтөбе қаласы К.Нокин көшесінде орналасқан Анвар гипермаркетінің артқы есігінің алдынан осы мекеменің қызметкерлерінің біріне тиесілі Урал велосипедін ұрлап кеткен. Троспен бекітілмеген велосипедке күдікті оңай қол жеткізген. 40 жасар велосипед иесіне келтірілген шығын көлемі 50 мың теңге.
Осы қылмыс бойынша бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында шамамен 25-30 жас шамасындағы ер адам анықталды.
Үздіксіз жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру шаралары барысында қыркүйек айында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын, тұрғылықты жерін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті велосипедті жеке пайда табу мақсатында ұрлағанын және сатып жібергенін айтты.
Ұрлық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілді, істі сотқа жолдау жоспарланды.