Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер елордалық тұрғынды соққыға жыққан күдіктіні қолға түсірді

Полицейлер елордалық тұрғынды соққыға жыққан күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнде “102” пультіне 43 жастағы қала тұрғыны Е.Серкебаев көшесі бойындағы үйдің жанында белгісіз ер адам оған күш көрсетіп, велосипедін тартып алғаны туралы хабарлама түскен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері өтіп бара жатқан адамды ұрып-соққан 29 жастағы Астана тұрғынын ізін суытпай ұстады.

Ер адамның жолда велосипедпен келе жатып, мас күйдегі жігітпен соқтығысқаны анықталды. Олардың арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласып, салдарынан жәбірленуші оқиға орнынан қашып кеткені белгілі болды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру