Ақтөбеде мобильді мониторингілеу топтары карантин шектеулерін бұзу фактілерін анықтады
Ақтөбе қаласында мобильді мониторингілеу топтары қоғамдық көлікте карантиндік шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерде фото және бейнетіркегіштің көмегімен 40-тан астам құқық бұзушылықты тіркеді.
Барлық материалдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша шаралар қабылдау үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне жіберілді.