Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде «Пәтер қауіпсіздігі» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

Пәтер ұрлығының алдын алу мақсатында ақтөбелік полицейлер «Пәтер қауіпсіздігі» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жүргізу. Жедел-профилактикалық іс-шараларға учаскелік полиция инспекторлары, күзет қызметін бақылау бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері күзет ұйымы фирмаларының өкілдерімен бірге үйлер мен пәтерлер тұрғындарымен, тұрғын үй коммуналдық кешені өкілдерімен пәтерлерді күзет-дабыл сигнализациясының бейнекамераларын орнату қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Учаскелік полиция инспекторлары күзет қызметін жүзеге асыратын, пәтерлер мен үйлердің қауіпсіздігін күзет сигнализациясы жүйелерімен қамтамасыз ететін оператор-фирмалармен бірлесіп, бөтеннің мүлкін ұрлау бағдарламасы шеңберінде қарсы тұру, сондай-ақ азаматтардың мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 10 меморандум жасасты.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде орталықтандырылған күзет пультіне қосылған күзет қызметін көрсету туралы 10-нан астам келісім-шарт жасалды. Аталған жедел-профилактикалық іс-шара Полиция департаментінің бастамасымен 17 тамызға дейін ұзартылды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру