Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: 30 жастағы аула сыпырушысы полиция басқармасын “миналады”

Алматыда 30 жастағы есік алдын сыпырушы полиция басқармасын “миналады”, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дабыл туралы хабарлама “102” нөміріне бір күн бұрын 20 сағат 31 минутта келіп түсті. Абонент Бостандық аудандық полиция басқармасының миналанғандығын хабарлады.

– Саперлер дереу полиция бөлімінде тексеру шараларын ұйымдастырды. Ақпарат расталмады. Сонымен қатар, жедел бөлімшелердің қызметкерлері қоңырау шалушының жеке басын анықтауға және тұтқындауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізді. 1990 жылы туған М. мырза жұмыс орнында болған (есік алдын сыпырушы болып жұмыс істейді), достарымен ішімдік ішіп отырып, бұзақылық ниетпен полицияға қоңырау шалып, терроризм актісі туралы жалған хабарлама айтқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыс негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру